08.03.2026
Балалар мерекеге үлкен дайындықпен келді. Олар аналарына арнап әдемі өлеңдер айтып, ән шырқап, би биледі. Тәрбиеленушілер түрлі қызықты ойындар мен сайыстарға қатысып, мерекенің көркін қыздырды. Мереке ерекше көңілді әрі әсерлі өтті.
Мерекенің ең әсерлі сәттерінің бірі – балалардың өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын аналарына табыстауы болды. Балалар аналарға деген сүйіспеншілігі мен алғыстарын білдірді.
8 наурыз мерекесі барша қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, балалардың аналарға, әжелерге деген құрметі мен сүйіспеншілігін арттырды.