«Балапан» тобында «5–6 жастағы балалардың сөйлеу тілін отбасы мен балабақша жағдайында дамыту» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді.
28.01.2026
«Балапан» тобында «5–6 жастағы балалардың сөйлеу тілін отбасы мен балабақша жағдайында дамыту» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиналыстың мақсаты — ата-аналарға балалардың сөйлеу тілін дамытуда отбасы мен балабақшаның бірлескен жұмысының маңыздылығын түсіндіру.
Іс-шара барысында ата-аналарға 5–6 жастағы балалардың тілдік даму ерекшеліктері, сөздік қорын байыту, дұрыс дыбыстау, байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру жолдары туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, үй жағдайында баламен дұрыс қарым-қатынас жасау, бірге кітап оқу, әңгімелесу арқылы тіл дамыту әдістері ұсынылды.
Міндеттері:
- балалардың сөйлеу тілін дамыту ерекшеліктері туралы түсінік беру;
- ата-аналарға тиімді әдіс-тәсілдерді ұсыну;
- баланың сөздік қорын байыту жолдарын көрсету;
- байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға ықпал ету;
- балабақша мен отбасы арасындағы ынтымақтастықты нығайту.
Жиналыс барысында ата-аналар тәжірибе алмасып, пайдалы кеңестер алды.
Просмотров: 77