Ортаңғы топта «Ойыншықтар – антиойыншықтар» тақырыбында ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды. Жиналысты тәрбиеші Жарылғасынова Айгерім Мағзамқызы өткізді.
26.01.2026
Жиналыстың мақсаты — ата-аналарға балалардың дамуына пайдалы ойыншықтарды дұрыс таңдай білуге көмектесу, сондай-ақ зиян келтіруі мүмкін ойыншықтар туралы түсінік беру.
Іс-шара барысында ата-аналар «ойыншық» және «антиойыншық» ұғымдарымен танысты. Ойыншықтардың баланың ой-өрісіне, мінез-құлқына және дамуына тигізетін әсері туралы маңызды ақпараттар ұсынылды. Сонымен қатар, баланың жас ерекшелігіне сай келмейтін ойыншықтарға ерекше назар аударылды.
Міндеттері:
- ата-аналарды «ойыншық» және «антиойыншық» ұғымдарымен таныстыру;
- ойыншықтардың бала дамуына және мінез-құлқына әсерін көрсету;
- жас ерекшелігіне сәйкес келмейтін ойыншықтарға назар аударту;
- балаларға пайдалы, дамытушы ойыншықтарды таңдауға үйрету;
- балабақша мен отбасы арасындағы ынтымақтастықты нығайту.
Жиналыс барысында ата-аналар өз пікірлерімен бөлісіп, пайдалы кеңестер алды. Іс-шара өзара түсіністік пен ынтымақтастық атмосферасында өтті.
Просмотров: 81