«Әжемнің оюы» тақырыбындағы шығармашылық жұмыс

21.09.2025

«Балауса» ересек тобында «Әжемнің оюы» атты шығармашылық іс-шара өтті. Балалар қазақтың ұлттық ою-өрнектерімен танысып, мақта арқылы оюларды жапсыру жұмысын орындады. Бұл әрекет балалардың ұсақ қол моторикасын дамытуға, эстетикалық талғамын қалыптастыруға үлкен ықпал етті.

Мақсаты:
- Қазақ халқының ұлттық ою-өрнектерімен таныстыру;
- Мақтаны жабыстыру арқылы қолдың ұсақ моторикасын дамыту;
- Шығармашылық қабілеттері мен эстетикалық талғамын жетілдіру;
- Ұлттық салт-дәстүрге құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Тәрбиеші: Шайкенова Айдынгүл

Просмотров: 69


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу