Жазғы шығармашылық және шеберлік күні — «Қолөнер күні»

12.06.2025

Жаз — қуаныш пен жаңалықтар уақыты. Жазғы сауықтыру кезеңінде «Айналайын» тобы «Қолөнер күні» мерекесін өткізді. Мерекенің мақсаты — балаларды халық шеберлерінің өнерімен таныстырып, дәстүрлі әшекейлер мен тұрмыстық бұйымдар туралы білімдерін кеңейту.

Балаларды ұлттық бұйымдардың сұлулығын бағалауға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, қолөнер арқылы кішкентай өнер туындыларын жасауға үйреттік. Мұндай іс-шаралар туған мәдениетке деген сүйіспеншілік пен дәстүрлерді құрметтеуге тәрбиелейді.

Тәрбиеші: Дулатова Жанна Шыныбекқызы

Просмотров: 918


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу